Атырауда тасқын қаупі сейілді
Атыраулық оқушылар мектепке орала бастады, өңірде тасқын қаупі сейілді. Ата-аналар да оқушылардың мектепке барып оқығанын сұрапты. Ал тасқыннан қауіптеніп өзге қалаға кеткен балалар сабаққа қашықтан қатыса береді.
Автор: Жанат Молдашова
29.04.2024
Дегенмен су басу қаупі жоғары Махамбет пен Индер аудандарының оқушылары онлайн білім алып жатыр. Ал Құлсары қаласындағы білім беру мекемелері офлайнға әлі толық көшкен жоқ. Өйткені бірнеше мектепті тасқыннан зардап шеккендер паналап жатыр. Оған қоса білім ордалары гуманитарлық көмекті сақтау және тарату мақсатында жұмыс істеп жатыр.
Орынтай Биманова, Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
— Жалпы саны 94 білім беру мекемесі офлайн оқуға көшірілді. Ол ата-аналардың сұранысы, сонымен қатар әзірге жағдай тыныш. Бір айға жуық уақыт қалды ғой. ҰБТ дайындығы бар деген сияқты. Осының бәрін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!