{metadescription}
ШҚО: Кене шаққан науқас саны екі есе көбейген
ШҚО: Кене шаққан науқас саны екі есе көбейген

ШҚО: Кене шаққан науқас саны екі есе көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан науқас саны екі есе көбейді. Сәуір айының өзінде 400-ге тарта тұрғын дәрігерге қаралған. Арасында 14 жасқа дейінгі балалар да бар.

Дегенмен кене шаққандардан қауіпті энцефалит дерті анықталған жоқ. Соған қарамастан науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында. Өйткені өңірдің жеті ауданы мен Риддер қаласы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып отыр. Ең қауіптісі, биыл кене шағу облыс орталығында да жиілеген. Әсіресе улы жәндік күн ысыған сайын көбейе түсуде. Дәрігерлер кене шаққанда бірден ауруханаға баруға кеңес беруде.

Қанат Тұрдиев, ШҚО Санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

Сырқаттанған жағдайда егу иммуноглобулинмен толық қамтамасыз етілген. Аудандарда, медициналық базада, медпункттерде серопрофилактикалық пункттер ашылды. Кене шақса, міндетті түрде сол жерге барып иммуноглобулин алуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде