{metadescription}
Көкшетауда журналистер саябағы ашылды
Көкшетауда журналистер саябағы ашылды

Көкшетауда журналистер саябағы ашылды

Көкшетауда журналистер саябағы ашылды. Қалам ұстаған қауым орталық бақта 40 шақты қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Бұл шараға қатысушылар көк желекті Көкшетауды көгалдандыруға ғана емес, көпшіліктің демалатын орнына айналдыруға үлес қосуды көздеп отыр.

Қалымбек Мұхаметжанов, ардагер журналист:

Міне, бүгін Көкшетауда журналистер саябағы, аллеясы ашылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз.  Өзіміз еккен талды күтіп-баптасақ, ол ертең бой көтеріп, мәуелей түседі ғой.

Жаңа саябақ орталық бақтың ішінде. Бұған дейін өңірде журналистер аллеясы болып көрмепті. Иісі жұпар аңқыған, шашақты көшеттерді отырғызуға Көкшетаудағы БАҚ өкілдері тайлы-тұяғымен қатысты. Телеарналар мен газет, ақпараттық сайт қызметкерлері өз ағашын қуана отырғызды. Журналистер саябағында «КТК» телеарнасының ағашы да жайқалып тұр. Оны осы өңірдегі тілшілеріміз өз қолымен отырғызды. Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Жас көшеттердің жайқалып өсіп кетуі үшін енді жақсы күтім керек.

Бақыт Смағұлов, Қазақстан журналистері одағының Ақмола облысы филиалының төрағасы:

Көкшетаудың қақ ортасындағы саябақтың ішінде! Көкшетаудың көгілдір, әсем табиғатын әрлендіре түседі деп ойлаймын. Көшеттерді әдемілеп суарып, баптап өсіріп, ертең үлкен еңселі бір бәйтерекке айналдыруға үлес қосуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде