{metadescription}
Ұлты неміс болса да, қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүр
Ұлты неміс болса да, қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүр

Ұлты неміс болса да, қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүр

Ұлты неміс болса да, қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүр. Бірлік күні үлгі болар отандастарымыздың ұлт пен ұлыс ынтымақтастағы үшін істеп жатқан еңбегі жайлы көрсеткіміз келді. Олардың ішінде мемлекеттік тілде еркін сөйлеп қана қоймай, сонымен бірге қазақ тілін дәріптеп жүрген Алина Кан да бар.

Көпшілікті сүйсіндірген неміс қызы жақында Alash тілдесу үйірмесін ашқан. Кез келген адам қазақ тілін осында тегін үйрене алады. Оқу әдісі де өзге орталықтардан ерекше. Оқушылардың саны күннен-күнге артып жатыр дейді. Арасында тіпті алпысты алқымдаған қариялар да бар екен. Ал ең кішісі 12 жаста. Қазақ тілін үйренемін деп келгендердің 80 пайызы өзге ұлт өкілдері. Қалғаны ана тілін енді меңгере бастаған қазақтар.

Алина Кан, Alash қазақ тілі клубының негізін қалаушы:

Тегін үйретемін. Өйткені қазақ тілі Қазақстанда қолжетімді болу керек. Өзім Қазақстанда дүние келегеніме қатты қуанамын. Ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ. Неміс халқының салт-дәстүрін де білмеймін, тіпті өзім қазақи ділменөскен соң. Баршаңызды шын жүректен Бірлік күнімен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын. Осы бір шаңырақтың астында бәріміз тату-тәтті тұра берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде