{metadescription}
«Қыз Жібек» фильмінен түскен қаржы тасқыннан зардап шеккендерге беріледі
«Қыз Жібек» фильмінен түскен қаржы тасқыннан зардап шеккендерге беріледі

«Қыз Жібек» фильмінен түскен қаржы тасқыннан зардап шеккендерге беріледі

Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің прокатынан түскен қаржы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге көмек ретінде жіберіледі. Бұл туралы белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, фильмдегі Бекежан рөлімен ел жадында жатталған Асанәлі Әшімов айтты.

«Қыз Жібек» фильмі отандық киноөнерінің басты жауһары. Қос ғашықтың махаббат хикаясын баяндайтын фильм 1970 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Жарты ғасырдан кейін фильм қайтадан үлкен экранға шықты. Жалға алу бар болғаны төрт күнге созылды. Түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аударылады.

Асанәлі Әшімов, актер, Қазақстанның халық әртісі:

Халықтың басына келіп жатқан нәубат өзіміздің жүрегімізбен, адал пейіл-ниетімізбен көмектесіп, халықтың осындай басына түскен нәубатқа әр уақытта қол үшін беру міндетіміз."Қыз Жібек фильмінің жаңа көшірмесін шығарып,бүкіл Қазақстан бойынша жібердік. Сол фильмнен түскен қаражат нәубат шеккен елге көмегіміз болсын. Халқымыз қиыншылықты басынан өткізді ғой. Қолдан келгенше , халқымыз үлкен ерлікпенен тасқынға қарсы тұрып, күресіп жатыр ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде