{metadescription}
Тасқын: Петропавлда еріктілер қатарындағы қариялар да септігін тигізуде
Тасқын: Петропавлда еріктілер қатарындағы қариялар да септігін тигізуде

Тасқын: Петропавлда еріктілер қатарындағы қариялар да септігін тигізуде

Су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек қолын созғандар аз емес. Ешкім де аянып қалмады. Мәселен, Петропавлда құрметті демалыста жүрген ардагерлердің өзі алғы шепте көмектесіп жатыр. Жергілікті майдангерлер кеңесі мен «Серебряные волонтёры» еріктілер тобы су басқан туған өлкеде төтеншеліктерге барынша пайдасын тигізуге талпынуда.

Ақсақалдар мен әжелеріміз қиын сәтте тек қарыштап тұрған жастар ғана емес, егде адам да шама-шарқы келгенше құтқару жұмысына қатысуға қауқарлы екенін көрсетті. Жасы келсе де, көңілі қартаймай, күш-қайратын жиып, халықтың қамы үшін тер төккен қарияларымыз бар.

Петропавлдегі гуманитарлық көмекті қабылдайтын негізі орталыққа тасқыннан зардап шеккендер үшін Қазақстаннның түкпір-түкпірінен, тіпті шет елдерден көмек ағылуда. Әскерилер мыңдаған тонна су, азық түлік және ең қажет деген заттарды түсіріп жатыр. Оларға егде тартқан еріктілер көмектесуде. 65 пен 93 жас аралағындағы қариялар жұмыстың ауырына қарамай, білегін сыбана кіріскен. Ауыр қаптарды көтеріп, арбаға заттар тиеп, тіпті ауыр жәшіктердің де ебін табады. Топан судан айтарлықтай зардап шеккен Петропавлға кез келген қол күші маңызды болып тұр.

Бейбіт Әбілов, ерікті:

Осындай қиын жағдайда еріктілеріміз келіп, олардың жасы зейнеткерлер. Ыстық шай беріп, жылы ықыласымызды білдіріп жатыр, Еліміздегі тасқыннан зардап шеккен, әсіресе өзімізідің қаланың маңында, облысымызға жанталасып көмектесіп жатырмыз .

Петропавлдықтар қазір тек игі істерге мұқтаж емес. Қалада ешқашан су жетпейтін жерлер де су астында қалған. Көптеген отбасы бар дүние-мүлкінен айырылды. Сондықтан елдің солтүстүгіндегі қалаға гуманитарлық жүк тоқтаусыз келіп жатыр.

Гуманитарлық көмек қабылдау пунктіндегі негізгі ауыртапалық әскерилерге түседі. «Серебряные волонтеры» мүшелерінің үйреншікті әрекеті сарбаздарға немересіндей қарау. Қарындары ашпаса деп алаңдайды. Ондайда ыстық шайы мен бауырсақтары дайын.

 «Серебряные волонтеры» күшімен жүк тиелген Газель 15 минутта- ақ босатылды. Ол жүк тарату пункттеріне жолданады. Ал мектептерде ашылған эвакуация орталықтарындағы жүздеген адам қазір жаңа жатақханаға қоныс аударды. Еріктілер оларға гуманитарлың көмекті өздері жеткізіп жатыр.

Марат Ермұқанов, ерікті:

Ауырлықты халықпенен бірге көтерісейік деп, шетте қалмай, келіп отырмыз. Біз бұрын да осында жұмыс істедік. Тасқынмен күресіп жатқан халыққа көмегімізді беріп, ыстық тамақ әзірлейміз. Қандай көмек керек болса, соған дайынбыз.

Сын сағатта қазақстандықдар петропавлдықтармен бірге. Көрші елдің Омбы қаласы мен Ингушетиядан көмек келді. Тонналаған жүкті қырғыз ағайындар да жіберген. Егде тартқан еріктелер тасқыннан зардап шеккен елге негізгі қолдау мен көмек осы дейді. Қариялар жасына қарамай, қолдан келгенше септігін тигізіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде