{metadescription}
Бірлік күні Ақтөбеде тасқыннан кейін тазалықты қолға алды
Бірлік күні Ақтөбеде тасқыннан кейін тазалықты қолға алды

Бірлік күні Ақтөбеде тасқыннан кейін тазалықты қолға алды

Ақтөбеде 1 мамыр мерекесі тазалықтан басталды. Шенеуніктер ырду-дыру концертті тыйып, тасқыннан кейін жан-жақты жинастырған жөн деп шешкен. Ал оқушылар құстарға жаппай ұя салып, игі іске атсалысты.

Бірініш мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Құстарға ұя салайық» акциясында құстарға қамқор танытып, жаппай ұя жасауға кіріскен. Ұяларды ағашқа іліп, ішіне жем салып жатыр.

Бұрын мектеп оқушыларына көктемде құстарға арнап ұя жасау қалыпты үрдіс болатын. Бірақ бұл әдетті ұстанатындар соңғы жылдары сиреді. Енді мұғалімдері бастап, балалар қостап, жаппай ел бойынша қолдауға шақырып отыр. Бұл тек мейірімділікке ғана шақырып қана қоймайды, ұлдарды қолына балға ұстатып, еңбекке баулуға тиімді дейді мұғалімдер.

Ал тасқыннан кейін шашылған заттарды тұрғындар екі аптадан бері тазартып жатыр. Мейрам күндері сауық-сайраннан гөрі, жаппай сенбілік ұйымдастырған тиімді деп шешіпті жергілікті билік. Бауырластар зиратының да жан-жағын жинастыруды ұмытпаған. Бұл жерде соғыста ауыр жарақат алып Ақтөбедегі госпитальге жеткізілген жүзге жуық жауынгер жерленген.

Гумер Галеев, «Жауынгерлік бауырластық» қорының жетекшісі:

Соғыс жылдары Ақтөбеде үш госпиталь болған. Бұл жаққа тек ауыр жарақат алғандар жеткізіліпті. Ал мына зиратқа жерленген жауынгерлердің жас шамасы 18 бен 56 жас аралығында. Бұрын марқұмдардың туыстары жан-жақтан, шетелдерден келіп тұратын еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде