«Бауырсақ бас қостырады». Астана жастары көшеде бауырсақ таратты
«Бауырсақ бас қостырады». Астана жастары Бірлік күніне орай көшеде қазақтың ұлттық тағамы — бауырсақ таратты.
Автор: Гүлвира Cейтенова
01.05.2024
Қорлан Омарова, ерікті:
— Не себепті бауырсақ? Өйткені бауырсақ деген сөз «бауыр» дегеннен шығып тұр. Біздің мемлекетімізде түрлі ұлт өкілдері бар, неше түрлі дінді ұстанатын ұлттар көп. Мемлекетіміздің ең бастысы — бірлігі, бауырдай бірге болайық, тату болайық дегенді білдіреді.
Он келі бауырсақты Астана әкімдігі ұсынған. Бір қолға екі түйір бауырсақтан тиді. Қасында тәттісі бар. «Астана жастары» ресурс орталығының еріктілері оны әдемі қағазға орап, көшедегі, аялдамадағы халыққа ауыз тигізді. Осылайша елорда тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
— Көңілім көтерілді. Келешек, жастар қандай! Күтіп алып жатыр, үлкен кісілерді. Рахмет, бақытты болсын!
— Барлықтарыңызды мерекелеріңмен құттықтаймын. Көктем мерекесі. Күн қандай жаймашуақ, ашық.
— Осындай үлкендерді сыйлаған жастарға рахмет! Өркендері өсе берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тыныштық болсын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!