{metadescription}
Асырап алған баланы азаптап өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды
Асырап алған баланы азаптап өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды

Асырап алған баланы азаптап өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды

Ақмола облысының Щучье қаласында асырап алған екі жасар баланы азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды. Бурабай ауданы білім бөлімінің қорғаншы органына қатысты да тергеу басталды.

Шучье қаласында екі жастағы асыранды баланың денесі ауладан табылған. Оны бағып алған отбасы төрт жыл бұрын үйінің алдына көміп тастапты. Бірақ оны осы уақытқа дейін оны ешкім білмеген. Бұл қылмыс аяқ асты әшкере болды. Бес баланы асырап алған отбасындағы бір балақай ауруханаға түседі. Сол кезде қамқоршысы шатасып өлген баланың туу туралы куәлігін көрсеткен. Осыдан кейін тексеріс басталып, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны анықталды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы әжелері қамауға алынған. Енді «азаптау» бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды. Төрт жыл бойы асырандылардың өлі- тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.