{metadescription}
Дүниежүзілік мұра: ЮНЕСКО «Алтын Емел» мен Барсакелмес қорығының сертификатын табыстады
Дүниежүзілік мұра: ЮНЕСКО «Алтын Емел» мен Барсакелмес қорығының сертификатын табыстады

Дүниежүзілік мұра: ЮНЕСКО «Алтын Емел» мен Барсакелмес қорығының сертификатын табыстады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің сәуір айындағы отырысында климаттың өзгеруіне байланысты ЮНЕСКО аясында Алматыдағы Өңірлік гляциологиялық орталықтың жүйелі түрде жүргізіп отырған зерттеулерінің маңыздылығына айрықша назар аударды.

Мемлекеттік кеңесші уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО арасындағы Орталыққа қатысты келісімнің мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауды тапсырды. Басқосуда ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Халафова ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қаринге «Тұранның қысқы суық шөлдері» көпұлттық номинациясының құрамдас бөлігі ретінде «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2023 жылы енгізілгенін растайтын сертификаттың түпнұсқасын табыс етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде