{metadescription}
Бірлік күні бірқатар қалада субұрқақтар іске қосылды
Бірлік күні бірқатар қалада субұрқақтар іске қосылды

Бірлік күні бірқатар қалада субұрқақтар іске қосылды

Алматыда субұрқақтар іске қосылды. Мереке күні қалада бірден 60 субұрқақ аспанға атқылады.

Азамат Абдуллаев,  «Эко-Алматы» ЖШС директоры:

Жалпы Алматы қаласында  66 коммуналдық фонтан бар. Оның  алтауы жөндеуден өтіп жатыр. Негізінен олардың басым бөлігі Кеңестер заманында салынған. Оларды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін үнемі бақылап, жөндеу жүргізіп тұру қажет.

Алматыда барлығы 150 субұрқақ болса, соның 66-сы мемлекет меншігінде. Бүгінгі су атқылай бастағанадары қала тұрғындарын қуанышқа бөледі. Ал мейрамхана мен сауда үйлерінің маңындағы субұрқақтар сәуірден бастап іске қосылған.

Алматы қаласы түрлі дизайнда орындалған субұрақтарымен ел бойынша алдыда тұр. Олар таңғы  8-ден түнгі 11-ге дейін су шашады. Бірақ күн қанша ыссыса да, онда шомылуға болмайды.

Бүгінгі мереке қарсаңында Қарағандыдағы субұрқақтар да іске қосылды.  Бірақ барлығы емес, тек орталықтағы он шақтысы ғана. 

Көкшетауда он субұрқақтың бәрі аспанға атқылай бастады. Орталық пен солтүстікте күн әлі жыли қоймаған. Дегенмен сазды әуенге ырғалған  субұрқақтар қыдырып жүрген тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлады.  

Алма Қасымова, Көкшетау тұрғыны:

Күн жел болса да, салқын болса да, немерелерімді алып көшеге шыққанбыз. Қарасақ, фонтанымыз ашылыпты, фонтан керемет!Өте әдемі!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде