Алматыда жаңа жеке кәсіпкой футбол клубы құрылды
Ел футболын дамыту үшін. Алматыда жаңа жеке кәсіпкой футбол клубы құрылды. «ҚазАСТ» деп аталатын команданың негізін Қазақ спорт және туризм академиясы қалаған. Оның құрамында білім ошағының студенттері мен еліміздегі тәжірибесі бар ойыншылар да бар.
Автор: Әсем Лесбек
01.05.2024
«ҚазАСТ» футбол клубының кәсіби деңгейдегі дебюті осыдан 20 күн бұрын көрсетілді. Команда футболдан Қазақстан екінші лигасында «Тұран» жастар командасын 1:2 есебімен жеңген. Енді футбол клубы бірлік күні қарсаңында «Атырау-М» командасымен матч өткізді.
Алтай Даумов, «ҚазАСТ» футбол клубының директоры:
— Шынымды айтсам, біз бұл футбол клубын құруды 5 жылдан бері жоспарлап келдік. Мақсатымыз — сол кезіндегі «Скиф» футбол клубы секілді биік шыңдарды бағындыру. Жастарға серпін беру. Бүгін Атыраулық командамен жарысқа түсіп жатырмыз. Бұған дейін екінші лигада ойын көрсеттік.
Жалпы командада 25 қала және 25 қазақстандық чемпионатқа қатысушы ойыншылар бар. Футбол клубын Қазақ спорт және туризм академиясы қалаған. Миссиясы — ел футболын дамытып, тәжірибені шыңдау.
Мұқтар Есқалиев, Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры:
— Биыл енді бұл екінші лига болатын болса, болашақта алға қойған жоспарларымыз бірінші, лига, бәлкім одан да жоғарғы деңгейге көтерілеміз деген ойымыз бар. Ақырындап ел чемпионатына төменгі деңгейден бастап, студенттер құрама командасын қатыстыруды жоспарлап отырмыз.
Осылайша білім ошағы бұл спорт клубы арқылы студенттердің теориялық білімін шыңдамақ.Үзбей жаттығып, футболдан алдыңғы қатарға шығуды көздейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!