Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады. «Бұл татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке» - деді мемлекет басшысы.
Автор: Гүлвира Cейтенова
01.05.2024
Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматы біртұтас ұлт болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы, деп атап өтті Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған алапат тасқынмен бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!