Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот — тікелей эфирде
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты сот шешімі көптің көзінше шығатын болды. Бүгіннен бастап күдікті Нұрболат Дәкебавқа қатысты сот процесі тікелей эфирде өте бастады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
02.05.2024
Аталған процесс осыдан екі ай бұрын басталған. Іс бұзақылық бабымен тергеліп жатыр. Себебі сот медициналық сараптама жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлының денсаулығына айтарлықтай зиян келмегенін анықтаған. Дегенмен оның адвокаты медициналық сараптаманы қайта өткізуді талап етіп, бүгінгі онлайн процесте оған рұқсат алды. Осылайша айыпталушыға тағылған бапты басқа бапқа өзгертуге күш салуда.
Ал Нұрболат Дәкебаев пен оның қорғаушысы процестің онлайн өтуіне қарсы болды. Алайда бұл талап-арызды судья қанағаттандырмады. Бірақ оларды онлайн трансляцияда көрсетуе тыйым салды. Бүгінгі эфирдің аудиториясы 150 адам болды.
Естеріңізге салсақ, 27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласып, Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген. Ол көрген қорлығы үшін 5 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр.
Бағдат Хасенов, жәбірленушінің адвокаты:
— Ашықтық ешқашан кедергі болған емес. Оның пайдасы бар. Осы процестерді көріп отырған адам қылмыс жасамас бұрын ойланады. Екіншіден, елде құқықтық сауат қалыптасады деп ойлаймын. Дәкебаев сотта түсініктемелерін бірнеше рет өзгертті. Ол сырт көзге кәдімгідей көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!