{metadescription}
Тасқын: Петропавлда 500 үй салынатын болды
Тасқын: Петропавлда 500 үй салынатын болды

Тасқын: Петропавлда 500 үй салынатын болды

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 500 жаңа үй салынатын болды. Жергілікті билік 300 отбасын шілде айының басында жаңа баспанаға қоныстандыруды жоспарлап отыр.

Өңірде тасқыннан 2 мыңға жуық баспана бүлінген. Су шайған үйлердің тең жартысы тұруға жарамсыз. Енді атқамінерлер жаңа баспананың құрлысын жүргізу үшін шаһардағы Солнечный-2 ықшамауданын таңдауда. Өйткені мұнда инженерлік желі толық тартылған. Демеушілер мен меценаттардың есебінен 400 үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 100 баспананың құрлысы жүргізіліп жатыр. Құрлыс алаңында 10 мердігер мекемемен 300 адам жұмыс істеуде. Ал «Қазақстан халқына» қоры жұртты баспанамен қамтамасыз ету үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп отыр. Үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метр болатын үйлердің қабырғасы газаблоктан қалануда. Сондай-ақ әрқайсының 10 сотық жер телімі бар.

Майгүл Елемесова, СҚО құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы:

Құрлыс аяқталғанан кейін техникалық бақылау жүргізетін компания, ақау анықтайтын болса, оны қысқа мерзімде жоюға міндеттеледі. Біздің басқарма құрлыс аяқталғаннан кейін бұл үйлерді қала әкімдігіне тапсырады. Әкімдік тасқын судан зардап шекендерге үлестіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.