{metadescription}
Тасқын: Аймақтарда электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр
Тасқын: Аймақтарда электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр

Тасқын: Аймақтарда электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр

Су тасқыны салдарынан алты өңірде электр желісінен дәуір ақау шықты. Бұл туралы бүгін энергетика вице-министрі мәлімдеді. Дегенмен Сұңғат Есімханов су басқан аймақтарда электр қуаты күн-түн демей қалпына келтіріліп жатыр деп сендірді.

Оның айтуынша, қазір Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында электр энергия мәселесі толық шешілген. Ол өңірлерде тек саябақтар мен эвакуация жасалған, ешкім тұрмайтын жерлердің жарығы сөніп тұр.

Атырау облысы, Құлсары қаласында 970 абонент тоқтан ажыратылса, Солтүстік Қазақстан облысында тұтастай 4 мыңға жуық нысанда жарық жоқ. Электр желілер компаниясы ол аймақтардан түбегейлі су кетіп, нақты қауіп сейілгеннен кейін ғана электр қуатын қалпына келтірмек. 

Қостанай облысындағы Жанкелді ауданында 651 үй электр жарығынан ажыратылған. Үй иелері мен жолдың жоқтығынан бірталай құлаған бағанды жөндеу мүмкін болмай тұрған көрінеді. Сұңғат Есімханов су кеткен күннің өзінде істен шықққан бағандарды қалпына келтірумен электр желісі компаниясы айналысатынын жеткізді. Аудандағы төтенше жағдай бойынша есеп аптаның аяғына дейін белгілі болады деп отыр вице-министр.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Алдын ала санағанда 800 млн жуық. Қазір сол жердегі бизнесмендер көмектесіп жатыр ғой. Сондықтан тиісті жөндеу жүріп жатыр. Қосымша керек болса, сондай көлемде қаражат бөлінуі мүмкін. Үйдің кіреберісіне дейін электр желелісін жүргізу сол компанияның құқығы ғой. Сондықтан бағананы да, сымдарды да жөндеу сол тиісті компанияларға тиесілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.