{metadescription}
Бишімбаев Байжановпен бірге адам өлтірген айғақтарды жоймақ болған
Бишімбаев Байжановпен бірге адам өлтірген айғақтарды жоймақ болған

Бишімбаев Байжановпен бірге адам өлтірген айғақтарды жоймақ болған

«Қылмыс ізін жасырмақ болды». Бүгін соттағы жарыссөз кезінде прокурор сотталушы Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргенін дәлелдейтін айғақтарды інісі Байжанов екеуі қалай жоймақ болғанын айтты. Прокурор Аймағанова марқұм Салтанат алған жарақаттардан қиналып өлгенін атап өтіп, оның басында ұйып қалған қан көлемін мысалмен көрсетті.

Айыптаушы тарап Бишімбаевтың қылмысты асқан қатыгездікпен жасағанына сенімді. Нүкеновтердің адвокаттары да экс-министрдің телефонындағы видеолар оған толық дәлел деп есептейді. Бір сұрақты Салтанатқа 175 рет қойып, қайта-қайта аяусыз соққыға жыққаны оның қаныпезер екенін аңғартады деді қорғаушылар жарыссөзде.

Бишімбаевтың адвокаттары болса, Қуандықтың қателігі адамгершілігінде, ол Салтанатты құтқармақ болды деп жақтап отыр. Жарыссөзде марқұмның ағасы Айтбек Амангелді де сөз алды.

Айтбек Амангелді, Салтанат Нүкенованың ағасы:

Сол түні не болғанын ақыры біле алмайтынымды қабылдадым. Салтанаттың өлімі тез болды, ол қиналмай кетті деп үміттендім. Бірақ телефондағы видеодан азап пен қорлықты, қарындасымның әбден қиналғанын көрдім. Құрметті алқабилер, сіздер де бұл видеоны көрдіңіздер. Не болғанын білесіздер. Видеодан көргенім ойымнан кетер емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде