{metadescription}
Есірткі өндіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Есірткі өндіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Есірткі өндіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Есірткі өндірушілерді өмір бойына бас бостандығынан айыру керек. Ал медициналық әсері күшті дәрілерді рецепсіз сату қылмыстық кодекспен қудаланады. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда осындай өзгерістер енгізілген заңды мақұлдады.

«Синтетикалық есірткі өндірісіне осылай ғана тосқауыл бола аламыз» деп отыр депутаттар. Себебі елде есірткі жасау өндірістік масштабқа жеткен. Былтыр 81 астыртын есірткі зертханасы жойылса, биыл үш айда осындай 31 зертхана жабылыпты. Пайдалануға дайын тұрған бір тонна есірткі, яғни 3 миллион дозаның көзі құртылған.

Бүгінгі отырыста депутаттардың бірі есірткі жасырушылардың жазасын жеңілдетуді сұраған ата-аналардың өтінішін жеткізді. Мәжілісмендер бұған қарсы болды. Ал есірткі жасауға қажет заттар прекусорлардың заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік қарастыруды қолдады.

Снежана Имашева, Мәжіліс депутаты:

Күшті әсер ететін медициналық препараттарды нашақорлар жиі пайдаланады. Бірақ дәріханалар оны рецепсіз сатып жатыр. Қазір оларға тек әкімшілік жаза көрсетілген. Бұл жазаны қатайтамыз, барлығын Қылмыстық кодекске көшіреміз. Есірткіні өңдеушілер бұны тұрақты жолға қойды, оған да тосқауыл қою үшін жазаны қатайтамыз. 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қаралады, есірткі өндіргені үшін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде