Ерлан Тұрғымбаевты екі айға қамауға алу шарасы тағайындалды
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұған дейін шенеуніктің қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғаны хабарланған. Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, оған ҚР ҚК 362-бабы, 4-бөлігі, яғни ауыр зардапқа әкеп соққан билік пен лауазым өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Автор: Айжан Шамшидин
02.05.2024
Еске салсақ, былтыр қыркүйектен бері Бас прокуратура экс министр қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істе күдікті емес екенін атап өткен. Тек оның ведомствоаралық тергеу және жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іске куәгер ретінде жауап бергенін айтқан еді.
Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігін 2019 бен 2022 жылдар аралығында басқарды. Одан соң бірден Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалып, жарты жылдан кейін ол қызметінен де босатылды. Ал 2023 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі ретінде еңбек еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!