{metadescription}
Қырғызстан: Фестивальда өнер көрсетіп жатқан 29 баланы жүк көлігі басып өтті
Қырғызстан: Фестивальда өнер көрсетіп жатқан 29 баланы жүк көлігі басып өтті

Қырғызстан: Фестивальда өнер көрсетіп жатқан 29 баланы жүк көлігі басып өтті

Қырғызстанда балмұздақ сататын жүк көлігі фестивальда өнер көрсетіп жатқан 29 баланы басып өтті. Оқиға түскі сағат бір шамасында Жалалабад облысы Созақ ауданында болған. Жеті бала ауыр хәлде жатыр.

Зардап шеккендер 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Мектеп оқушылары "Манас" жырын сахналауға дайындалып жатқан. Осы сәтте дөңде тұрған жүк көлігі төмен қарай жүріп кетіпті. Олардың қалай көлік астында жаншылғанын видеодан көруге болады. Алдын ала дерек бойынша, жүк көлігінің ішінде жүргізуші болмапты. Ауыр көлік астында қалған 29 жеткіншек ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде