{metadescription}
Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр
Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр

Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр

Маңғыстауда кенеден мал қырылып жатыр. Улы жәндік былтырғыдан әлдеқайда көп дейді шаруалар.

Есбол Естүрлиев, шаруа қожалығының иесі:

Бес бота шығын болды. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін.

Тұрғындар өз күшімен қора-қопсы мен төрт түлікті дәрілепті. Түйелердің жүнін қырқып, залалсыздандыру жүргізген. Бірақ кене азаяр емес. Сондықтан толық дезинфекция жасауды сұрайды. Алайда жергілікті шенеуніктер кене адамға қауіп тудырғанда ғана жаппай улау жүргізілетінін айтып, шаруаларға, мал жүнін қырқып, паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге шомылдыру керек дейді.

Бердібек Марқабаев, Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Әр кәсіпкер паразитарлық аурудың алдын алып, шара жасауға міндетті. Ал біздің тарапымыздан тек жұқпалы ауруларды болдырмау үшін профилактикалық-диагностикалық іс-шара атқарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.