{metadescription}
Қуандық Бишімбаев: «Мәйітті жасырып, қашып кететін мүмкіндігім болған»
Қуандық Бишімбаев: «Мәйітті жасырып, қашып кететін мүмкіндігім болған»

Қуандық Бишімбаев: «Мәйітті жасырып, қашып кететін мүмкіндігім болған»

«Мәйітті жасырып, қашып кететін мүмкіндігім болған». Бүгін соттағы жарыссөзде Қуандық Бишімбаев осылай деді. Ол «кісі өлтіргеніме кінәлімін, бірақ оны қасақана істемедім» деп айыптау актісіндегі тағылған бірқатар кінәмен келіспеді. 

Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:

Қаласам, «Бау» мейрамханасында бөлме көп, соның біреуіне мәйітті жасырып, қашып кетер едім. Керек болса, мейрамхананы бір айға жауып кетер едім. Бірақ мен Салтанат оянады деп күттім, оған өлім қаупі туып тұр деген ой болған жоқ.  Байжановтың еш кінәсі жоқ, біз алдын ала сөз байласқан жоқпыз. Ол менің тапсырмамды орындағаны үшін ғана осы жерде отыр. Мен де, Байжанов та, Салтанат өледі деп ойламадық.

Экс-министр, сондай-ақ, телефонға түсірілген видеодағы ісіне ұялатынын айтып, енді қандай жаза берілсе де,» өтеуім керек» деді. Және Салтанаттың ағасынан, ата-анасынан кешірім сұрады. Көз жасын тия алмай, Қуандықтың анасы да Нүкеновтер отбасынан кешірім беруін өтінді. «Ұлым жасаған әрекетіне лайықты жаза алса екен» деді. Бишімбаевтың қорғаушылары сотталушының асқан қатыгездікпен өлтіру ниеті болмағанын қайталаумен болды.

Ал Байжановтың адвокаттары алқа билер мен соттан іске баға беру кезінде екеуін екі бөлек қарауды сұрады. Оның әйелі де зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, алқа билер мен соттан үш баласының барын және кенже қызы жеті айға ғана енді толғанын ескеруді өтінді. Жарыссөз ертең жалғаспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде