Астанада шетелдік автокөліктерді заңсыз тіркеген 32 адам сотталды
Астанада шетелдік автокөліктерді заңсыз тіркеген 32 адам сотталды. Оның 15-не 9 жылдан 2 жарым жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталғандардың ішінде полиция қызметкерлері мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бар.
Автор: Айжан Шамшидин
03.05.2024
Антикордың мәліметінше, айналдырған жарты жылдың ішінде пысықайлар 462 көлікті заңсыз тіркеп үлгерген. Бас-аяғы мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1миллиард 200 мың теңгені құрап отыр. Құзырлы органдағылар нотариус арқылы көлікті өз атыңызға тіркеп немесе өзге біреуге сатқыңыз келсе, Egov арқылы электронды қолтаңбаның міндетті екендігін ескертеді.
Жалпы еліміздің әр өңіріндегі автоЦон-дардағы былық шетінен әшкере боп жатыр. Ақпаратқа сүйенсек, сондағы қызметкерлер шетелден келген жүк көліктерді де, люкс санатындағы темір тұлпарларды да, өртеніп кеткен, соғылған және жарамсыз болып қалған машиналардың құжатымен тіркеп жүр. Мәселен, құзырлылар жуырда Алматы облысында да дәл осындай әдіспен шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендердің ізін кескен. Оның ішінде полиция департаментінің екі қызметкері мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бес маманы бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!