{metadescription}
Алматы облысында 31 жастағы жалған полицей ұсталды
Алматы облысында 31 жастағы жалған полицей ұсталды

Алматы облысында 31 жастағы жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшының киімін киіп тайраңдап жүрген. Алматы облысында 31 жастағы жалған полицей ұсталды.

Ол Талғар ауданындағы жанармай құю бекетінде көзге түсіпті. Тәртіп сақшысына тән емес әрекетін байқаған тұрғындар ер адамды видеоға түсіріп, кейін форманы не үшін киіп алғанын сұрайды. Камераны көрген жігіт қалбалақтап жауап беріп, ақыр соңында қаша жөнеледі. 31 жастағы ер адам көпке ұзамай құрықталды.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Жауап алған кезде жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы киімді сатып алғанын түсіндірді. Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды. Мұндай әрекеттер өз міндетін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде