{metadescription}
Азаматтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі
Азаматтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі

Азаматтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгеріске ұшырайды. Ішкі істер министрлігі құжаттың көрнекі бетіне азаматтардың жынысын анықтап жазуды жоспарлапты. Қазір қолданыстағы құжатта азаматтардың жынысы туралы ақпарат чипке енгізулі.

Қазір беткі жағында жеке куәлік иесінің фотобейнесі, аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі мен қолтаңбасы тұр. Ал артқы жағында туған жері, ұлты, құжатты берген орган мен берілген күні жазылған. Енді өзгеріске сай, құжаттың бергі бетіне азаматтың жынысы туралы ақпарат, екінші бетіне штрих-код түрінде кодталған ЖСН мен азаматтығы туралы мәлімет енгізілмек.

Бұған дейін бұл деректер жеке куәліктің чипінде және кодталған түрде берілген. Ал ұлтын көрсету азаматтың қалауына байлайнысты енгізілетін болды. Аталмыш жаңашылдық осы айдың жиырма біріне дейін ашық талқылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде