{metadescription}
Астанада Ұлттық ұлан әуебазасы ашылды
Астанада Ұлттық ұлан әуебазасы ашылды

Астанада Ұлттық ұлан әуебазасы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада ашылған Ұлттық ұлан әуебазасының ашылу рәсіміне қатысты. Президент алдағы Отан қорғаушылар күнімен сарбаздарды құттықтап, мәртебелі мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Авиациялық базаның ашылуы Ұлттық ұланға ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға екенін атап өтті президент. Себебі, база арқылы күштік құрылымдардың әлеуеті артады. Ұшқыштардың керек кезде жылдам әрекет етуіне жағдай жасалады. Сөз соңында Тоқаев тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету кезінде алдыңғы шептен табылып, антына адал болған сарбаздарға өз ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Қарулы күштеріміз егемен еліміздің мықты қалқаны. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі. Қайсар сарбаздарымыз Қазақстанның тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Сіздер мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін. Мереке құтты болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде