{metadescription}
Оқыс оқиға: Қырғызстанда жүк көлігінің астында 31 адам қалған
Оқыс оқиға: Қырғызстанда жүк көлігінің астында 31 адам қалған

Оқыс оқиға: Қырғызстанда жүк көлігінің астында 31 адам қалған

Қырғызстанда балмұздақ тиелген жүк көлігінің астында қалып жарақат алған адам саны 31 адамға жетті. Олардың арасында бір мұғалім бар. 36 жастағы ұстаз ауыр техника жайпап өткен киіз үйдің үшінде болған.

Қайғылы оқиға салдарынан ауруханаға 18 адам жеткізілген. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Барлығы түрлі сынық жарақаттарымен жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қалған 13 оқушы үйіне амбулаториялық емге жіберіліпті.

Айта кетейік, бұл оқиға кеше түскі сағат бір шамасында Жалалабад облысы Созақ ауданында болды. Үш мыңдай мектеп оқушысы «Манас» жырын сахналауға дайындалып жатқан. Сол сәтте дөңде тұрған жүк көлігі төмен қарай жүріп кетіп жолындағы балаларды жайпаған. Жергілікті полицияның айтуынша, жүк көлігінің ішінде жүргізуші болмапты. Ол балаларға тегін балмұздақ тарату үшін көліктен түсіп, мектеп директорына қоңырау шалып тұрған. Қазір 48 жастағы жүргізуші қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Нұрдинбек Жээнтаев, Жалалабад облысы ішкі істер басқармасының ресми өкілі, полиция полковнигі:

Тергеу амалдарының жүргізуді шектеу қатары Созақ ауданының 1976 жылғы тұрғыны сұраққа алынып Қырғыз Республикасының Қылмыстық жаза процессуалдық кодексінің 96-бөлімінің негізінде 48 сағатқа қамаққа алынып, Созақ ауданы ішкі істер бөлімінің уақытқа қамақ жайына кіргізілген. Бұл оқиға бойынша толық тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.