{metadescription}
«Оңай»: Теміртауда қоғамдық көлік жүргізушілері қолма-қол ақшадан қағылды
«Оңай»: Теміртауда қоғамдық көлік жүргізушілері қолма-қол ақшадан қағылды

«Оңай»: Теміртауда қоғамдық көлік жүргізушілері қолма-қол ақшадан қағылды

Оңай болмады! Теміртауда қоғамдық көліктерге орнатылған «Оңай» төлем жүйесіне автобус жүргізушілері наразы. Соның салдарынан қаладағы бір автопарк жүргізушілері кешелі бері бағытқа шықпай, жолаушылар сағаттап автобус күтуге мәжбүр.

Қоғамдың көлік қозалысындағы кедергілер кешеден бері біліне бастады. Автобусын күтіп шаршаған тұрғындар жаппай такси қызметіне жүгініп, такси бағасы да аспандай түскен. Аялдамаларда сарыла күткендері аузы-мұрнына тола келген автобусқа симай қарбаласып жатыр.

Ал автобустары бағытқа шықпаған парк басшылығы жүргізушілер арызын қарап жатыр. Олар күнделікті әкелетін жоспарды төмендетіп, қолма-қол ақша болмағасын, жанармай құйып беруін талап етеді. Автопарк басшылығы енді жұмысқа «Оңай» төлемін тексеретін бақылаушылар алып, жақын арада «қазғалысты жандандырамыз» дейді.

Андрей Нам, «ТТС» ЖШС атқарушы директоры:

Олар күнделікті қалтасында қалып жүрген қолма-қол ақшадан қағылды. Мына жүйе жұмыс істесе, барлығы алақандағыдай болады. Бұл саботаж да емес, бұл бопсалау десем де болады. Бізде жүргізушілер жетіспейтінін біледі. Сондықтан осы жағдайды пайдаланып отыр. Мәселені реттеуге тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.