{metadescription}
Астана маңындағы ауылдарға есірткі тасымалдап жүрген ер адам ұсталды
Астана маңындағы ауылдарға есірткі тасымалдап жүрген ер адам ұсталды

Астана маңындағы ауылдарға есірткі тасымалдап жүрген ер адам ұсталды

Астана маңындағы ауылдарға есірткі тасымалдап жүрген 39 жастағы азамат ұсталды. Ол теміо ыдысқа салынған 24 келі гашишті қала шетіндегі жер үйдің бақшасына көміп тастапты.

Өзі Астанада пәтерде тұратын күдікті қала сыртындағы жер үйінде есірткі бизнесімен айналысқан. Гашишты оңтүстік өңірден жеткізіп, ешкім таппайтындай бақшасына көміп қойыпты. Керек кезде қазып алып, Астана маңындағы елдімекендерде саудалаған.

Тәртіп сақшылары оны жер үйінде қолға түсірді. Тінту кезінде 26 қапшыққа бөлініп темір ыдыстарға салынған гашишті бақшасынан тапты. Қазір 39 жастағы астаналық азаматтың есірткі саудасымен айналысқан басқа да сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Құрманғожа Құсайынов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығының міндетін атқарушы:

Жедел іздестіру шаралары кезінде Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Одан 24 келіден аса гашиш табылды.Ол азамат бірден уақытша қамау абақтысына жабылды. Қазір ҚР ҚК 297-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде