{metadescription}
Ақтөбедегі үйілген қоқыс тұрғын үй құрылысын тежеп тұр
Ақтөбедегі үйілген қоқыс тұрғын үй құрылысын тежеп тұр

Ақтөбедегі үйілген қоқыс тұрғын үй құрылысын тежеп тұр

Ақтөбеде үйілген қоқыстан тұрғындар үй құрылысын бастай алмай отыр. Әкімдік бөлген жер телімін біреулер заңсыз полигонға айналдырған. Енді сол қоқысты тазартып беруді талап етуде.

Сәрсен Байбақтин, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Арасында учаскелер бар. Қазір ысырып тастапты. Соның арасына үй сала алмайды. Қоқыс бізге қарай ұшады. Екіншіден, жағалай жалғасып жатыр. Оны қазір алмаса, қадағаламаса, біздің қолымыздан келмейді. Ешкім тұра алмайды.

Рауан-2 ықшам ауданынан үй салуға әкімдік мыңнан аса жер телімін бөлген. Үш жүзге жуық шаңырақ баспана тұрғызып үлгеріпті. Қалғаны үйілген қоқыстың кесіірінен құрылыс бастай алмай отыр. Тіпті осы полигоннан өз учаскесін таба алмай жүргендер де бар. Өйткені қоқыс астында қалып, қағылған қазық та көрінбейді. Басында бұл маңға көршілес Есет батыр ықшам ауданынан көп қабатты үй салынғанда құрылыс қалдықтары төгіліпті. Ол дер уақытында алынбаған. Кейін жұрт кешкілік тығылып келіп, көлігімен қоқыс тастап кетуді әдетке айналдырған. «Оларды аңдудан шаршадық» - дейді шенеуніктер. Енді келер аптада қоқысты толық тазартамыз деп уәде беріп отыр.

 Жалпы Ақтөбенің Алматы ауданы бойынша жиырмадан аса заңсыз полигонды тазалауға бюджеттен 230 миллион теңге бөлініпті.

Бағұзақ Дарин, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

Былтыр жартысын шығардық. Биыл шамамен 10 гектар жер, ол жерде 20 мың тоннадай бар. Қаражат бөлінді. Конкурстық рәсім аяқталғаннан кейін жақын арада басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде