{metadescription}
Көкшетауда 900-ге тарта студенттің баспана мәселесі шешіледі
Көкшетауда 900-ге тарта студенттің баспана мәселесі шешіледі

Көкшетауда 900-ге тарта студенттің баспана мәселесі шешіледі

Көкшетауда жаңадан салынып жатқан үш жатақхана құрылысы аяқталуға жақын. Ол пайдалануға берілсе, 900-ге тарта студенттің баспана мәселесі шешіледі. Жайлы жатақхана Жоғары техникалық және Ақан сері атындағы Vәдениет колледжінің оқушылары үшін арнайы соңғы үлгідегі жобамен бой көтеруде. Еңселі ғимаратта болашақ мамандарға қажеттінің бәрі бар.

Көкшетауда кәсіби техникалық білім алып жатқан 12 мың студенттің тең жартысы жатақханаға жарымай жүр. Жаңа оқу жылы басталғанда жалдамалы пәтер іздеп сабылатын жастар үшін бұл мәселе биыл шешіледі. Өйткені облыс орталығында 8i бірдей жатақхана салынып жатыр. Студенттерге арналған заманауи үлгідегі ғимараттар облыс бюджеті есебінен тұрғызылуда.

Нияз Байғожин, Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 300 млн теңге бөлінді. Әрине, әлі 530 миллион теңге жеткіліксіз. Егер де осы қаражат бөлінсе, жыл соңына дейін Ақан сері атындағы колледждің жатақханасын тапсырамыз.

Ақан сері атындағы Мәдениет колледжіне арналған ғимараттың құрылысы үзіліссіз жүріп жатыр. Төртінші қабаты аяқталып, құрылысшылар төбесін жабуға кіріскен. Ал екі жарым мың оқушысы бар Жоғары техникалық колледж үшін екі бірдей жатақхана бой көтеруде. Оның бірін мердігер компания жақында тапсырамыз деп отыр.

Дидар Катбенов, құрылыс участкесінің шебері:

Жұмысты 90 пайызы қазір артымызда. Қазір алда қалған жұмыстардың қалдығы дуалдар, қиыршық тас қалды және де газон. Жиһаздың барлығы осында әкелінген.Орындары бойынша жайғастыру ғана қалды.

Жаңа жатақханалардың ішінде жанға жайлының бәрі бар. Ас үй, газбен жылытатын пештер, ыдыс жуатын орындар бәрі қарастырылған. Үш-төрт студенттен ғана орналасатын бөлмелерде жеке жуынатын жер мен дәретханасы да бар. Бұл нысандар тапсырылса, колледжде оқитын студенттер жатын орынмен толық қамтылады. 

Валерий Гамазов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

Осы жылы үш жатақхана да тапсырылады деп күтіп отырмыз. Барлығы бір жобамен, бір стандартпен салынып жатыр. Егер 900 орын берілсе, онда жатақхана мәселесі толық шешіледі.

Жатақханаларда студенттер кітапханасы, медицина кабинеті де болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде