Тасқын: 50 мыңға жуық адам үйіне оралды
Су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшірілген 50 мыңға жуық адам үйіне оралды. Қазір ол өңірлерде судан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Автор: Әсем Лесбек
06.05.2024
Атырау облысының Құлсары қаласында жүзден астам тұрғын үй мен 10 кәсіптік нысанның суы сорылып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл, Қызылжар аудандарында да қарғын су сорғызылуда. Тәулігіне 184 үйден су бұрылып, сорылған.
Ақтөбе облысындағы Күйліс ауылында су деңгейінің біртіндеп артуына байланысты Торғай өзенінде ұзындығы екі жарым шақырым бөгет салынып жатыр.
Айта кетейік, жалпы ел бойынша апаттан құтқару жұмысына 15 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылған. Оған мың жарым техника, 5 тікұшақ пен 300-ден астам су сору құралдары тартылды. Бүгінге дейін 15 млн текше метрден артық су сорылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!