{metadescription}
Сот: Бишімбаев қасақана кісі өлтіргеніне кінәлі емес екенін айтумен болды
Сот: Бишімбаев қасақана кісі өлтіргеніне кінәлі емес екенін айтумен болды

Сот: Бишімбаев қасақана кісі өлтіргеніне кінәлі емес екенін айтумен болды

«Еш уақытта Салтанатқа өлім тілемедім». Бүгін сотта соңғы сөзін жалғастырған Қуандық Бишімбаев қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі емес екенін айтумен болды. Ол алқа билер мен соттан қоғамның қысымына қарамай, әділ шешім шығаруды сұрады. Істеген ісіне өкінетінін айтты.

Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:

Мен ешқашан, еш уақытта Салтанатқа өлім тілемедім. Кінәлімін, бірақ қасақана адам өлтірген жоқпын. Ұсталған сәтте сол күні не болғанын шын айтып бердім. Қашатын мүмкіндігім болды, бірақ олай істемедім. Сотта материалдарды зерделеу кезінде қасақана адам өлтіру емес екеніне көз жеткізе алдыңыздар. Салтанаттың өлімі абайсызда болды. Сараптама өлімге гематома себеп болғанын көрсетті. Мен ол тамырды әдейі үзе алмас едім. Оның бас сүйегі бүтін, жарақаты жоқ.

Екінші сотталушы Бақытжан Байжанов «бұның қылмыс екенін білгенде жасырмас едім» деп ант-су ішті. Ол мейрамхананы жауып, бейнебақылау камераларынан файлдарды өшіргенін, Салтанаттың ұялы телефонын әрі-бері тасығанын, ағасының басқа да бұйрықтарын бұлжытпай орындағанын мойындады. Бірақ тергеуде де, сотта да «бәрін ашық айттым» деді. Байжанов Салтанаттың жақындарынан кешірім сұрап, көңіл айтты.

Екі сотталушы сөзін аяқтаған соң судья бірден процесті тоқтатып, келесі отырысты 10 мамырға белгіледі. Ол күні тараптар алқа билерге қойылатын сұрақтар тізімін құрады, оған алқа билер қатыспайды. Содан кейін ғана судья ашық отырыста алқа билердің шешімін сұрайды.

Естеріңізге салайық, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтірді және азаптады деген екі бап бойынша айыпталып жатыр. Оның туысы Гастроорталық директоры Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырды деген айып тағылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде