{metadescription}
Мерзімі бітпеген жеке куәлікті пайдалана беруге болады
Мерзімі бітпеген жеке куәлікті пайдалана беруге болады

Мерзімі бітпеген жеке куәлікті пайдалана беруге болады

Жеке куәлік өзгеріске ұшырайды деп, құжат ауыстыруға асығудың қажеті жоқ. Ішкі істер министрлігі мерзімі аяқталмаған қолданыстағы құжатты бұрынғыдай пайдалана беруге болатынын жеткізді. Азаматтың жынысы мен азаматтығы куәлік ауыстырылған кезде енгізіледі.

Өткен аптада ішкі істер министрлігі құжат жаңа ақпараттармен толықтырылатынын жариялаған. Қазір беткі жағында жеке куәлік иесінің фотобейнесі, аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі мен қолтаңбасы тұр. Ал құжаттың артқы жағында туған жері, ұлты, құжатты берген орган мен берілген күні жазылған. Енді өзгеріске сай, құжаттың бергі бетіне азаматтың жынысы туралы ақпарат, екінші бетіне штрих-код түрінде кодталған ЖСН мен азаматтығы туралы мәлімет енгізілмек. Бұған дейін бұл деректер жеке куәліктің чипінде және кодталған түрде берілген. Ал ұлтын көрсету азаматтың қалауына байлайнысты енгізіледі. Аталмыш жаңашылдық осы айдың жиырма біріне дейін ашық талқылауда.

Анар Амантайқызы, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы:

Жеке куәліктің жаңа дизайні қандай да бір қосымша шығынды қажет етпейді. Жеке куәлік алуға төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өзгермейді. Жарамдылық мерзімі бітпеген жеке куәліктер одан әрі де жарамды болып саналады. Яғни азаматтар жарамды құжатын қолдана береді. Жаңа дизайндағы жеке куәлікті мерізімі өткен немесе басқа да себеппен ауыстырған жағдайда алады. Жаппай бір уақытта ауыстыру күтілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде