{metadescription}
Президент: Геосаяси тұрақсыздықта әскеріміз сақадай-сай дайын болуы керек
Президент: Геосаяси тұрақсыздықта әскеріміз сақадай-сай дайын болуы керек

Президент: Геосаяси тұрақсыздықта әскеріміз сақадай-сай дайын болуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар, сондай ақ алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Ақордадағы салтанатты жиынға айбынды әскеріміздің қолбасшылары тайлы-тұяғымен келді.

Жиында мемлекет басшысы бірқатар қызметке мемлекеттік награда, жоғары әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен тапсырды. Президент сұрапыл соғыс жылдарында жеңіс күнін жақындатуға ат салысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетіндігін атап өтті. Оған дәлел биылдан бастап «Айбын» орденінің үшінші дәрежесі даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталады. Президент геосаяси тұрақсыздық белең алған тұста әскеріміздің дайындығы үнемі сақадай-сай болып тұруы керек екенін құлаққағыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, ішкі Істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі және мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде