{metadescription}
9 мамыр: Ардагерлерге 1 жарым миллион материалдық көмек беріледі
9 мамыр: Ардагерлерге 1 жарым миллион материалдық көмек беріледі

9 мамыр: Ардагерлерге 1 жарым миллион материалдық көмек беріледі

Еліміздің барлық өңірінде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 жарым миллион теңгеден материалдық көмек берілетін болды. Бүгінде арамызда от пен оқтан аман қалған көзі тірі 148 ардагер бар.

«Майдангерлер мен тыл ардагерлері және соларға теңестірілген азаматтарға биыл жергілікті атқарушы органдармен бірлесе 3 миллиард теңге қарастырылған»,- деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жылдан-жылға қатары сиреп бара жатқан құрметті ардагерлеріміздің орташа зейнетақысы 239 мың теңге. Жалпы бюджетпен қоса демеушілік қаражат есебінен әлеуметтік жәрдем де көзделеді. Оның ішінде баспанасына жөндеу жұмысын жасау, отын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты көмек бар.

Айта кетейік елімізде Жеңістің 79 жылдығына орай әскери парадтың өткізілмейтінібұған дейін ресми хабарланды.

Гүлзат Жүсіпбекова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент басшысы:

Барлық төлемді төлеу толық аяқталды. Кемінде бір жарым миллион теңге көмек көрсетілді. Ардагерлерге ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Оның мөлшері 16 АЕК. Қазір 59 мың теңге. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ай сайын коммуналдық төлемді өтеу үшін қосымша төлем жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде