{metadescription}
Оқу-ағарту министрі соңғы қоңырауды артық шығынсыз өткізуге шақырды
Оқу-ағарту министрі соңғы қоңырауды артық шығынсыз өткізуге шақырды

Оқу-ағарту министрі соңғы қоңырауды артық шығынсыз өткізуге шақырды

Ысырапшылдық пен даңғазалықтан арылуымыз керек. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев түлектерді соңғы қоңырауды артық шығынсыз өткізуге шақырды. Ведомство басшысы мектеппен қоштасу шарасы 25 мамырда өтетінін атап өтті.

Биылғы соңғы қоңырауда 186 мың түлек мектеппен қоштасады. Әр түлекке маңызды саналатын шараны министр жаңа форматта, яғни ысырапқа бой алдырмай өткізіп әрі тәрбиелік мазмұнына мән берілу керек дейді. Себебі соңғы кездері мектеп айналасындағы ақша жинау мәселесі белең алып, оған қатысты шағымдар легі толастамай келеді. Әсіресе мектеп бітіру кешіне келгенде аянбай қаржы шашып, дарақылық пен бейбастақтың небір келеңсіз жайті көрініс тауып жатады. Бұл бассыздықтарды тұсаулау үшін Ғани Бейсембаев оқушылардың ата-анасынан да қолдау болу керек деп санайды. Министр оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру үшін өңірлік білім басқармаларының басшыларына жауапкершілік жүктеді. Ал білім берген ұстаздарға министр сый-құрметті жеткізудің өзге де жолы барын айтады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Біз сыйлық деген мәселеден кетуіміз керек. Жалпы ешқандай қаржы шығарып, оған мән беріп емес, мектепке деген құрметін басқаша да көрсетуге болады деп ойлаймын. Жақсы бір өлең шығарсын. Ұстаздарына арнап шығарма жазсын. Қаржылай сый керек жоқ деп ойлаймын. Өйткені ол мектептің негізгі мақсат-міндеті болмауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.