{metadescription}
25 мамырдан бастап Вьетнамға визасыз бір айға баруға болады
25 мамырдан бастап Вьетнамға визасыз бір айға баруға болады

25 мамырдан бастап Вьетнамға визасыз бір айға баруға болады

Қазақстан азаматтары визасыз аттана алатын мемлекеттер тізімі артты. 25 мамырдан бастап Вьетнамда отандастарымыз виза жасатпай-ақ бір ай жүруге құқылы.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн, ал алты айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.

Екі елдің ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге былтыр тамыз айында қол қойылған. Құжат осы жылдың 25 мамырында күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы Макаоға 14 күн, ал Сейшель аралдарына 30 күндей қазақстандықтардың визасыз жүруіне рұқсат ететін келісімге қол жеткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде