{metadescription}
Бразилияда су тасқынынан 78 адам қаза тапқан
Бразилияда су тасқынынан 78 адам қаза тапқан

Бразилияда су тасқынынан 78 адам қаза тапқан

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті. Тағы 175 адам зардап шегіп, 100-ге жуық тұрғын із-түссіз жоғалып кетті.

Мұндай күшті тасқын елде соңғы 80 жылда болмаған. Табиғи апаттан Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы 500-ге жуық қаланың 3/1-і зардап шекті. Штатта мыңдаған адам ас-сусыз қалып, 115 мыңнан астам тұрғын баспаналарын тастай қашқан. Өңірде нөсер жауын толастамай тұр. Соның салдарынан лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген. Қазір су басқан аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде