ЮНЕСКО мүшесі Жамбыл облысында геобақ салуды көздейді
Жамбыл облысының тау бөктері сұлулықты сүйетіндер іздеп келетін жерге айналды. Бүгін өңірде қызғалдақ фестивалі басталды. Сирек кездесетін өсімдіктің түр-түрін көруге қызыққандар арнайы саяхаттап келуде.
Автор: Сәбит Әлдебай
06.05.2024
Жамбыл өңірінің жауһары саналатын қызғалдақты көруге еліміздің түкпір-түкпірінен және Еуропа мен Қытайдан саяхатшылар келген. Олар Қаратау бөктеріндегі қылғалдақты алқапты зерттеп, фотокөрмелерге дайындалуда. Қонақтардың арасында әлемдік ЮНЕСКО ұйымының мүшесі де бар. Олар теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктен геобақ салуды көздеуде. Қаймағы бұзылмаған экожүйені барынша сақтап қалу керек дейді.
Жанг Венг Синг, қытайлық саяхатшы:
— Мен бұл жердің табиғатына тәнтімін. Мұндай жерді әлемде кездестірмедім. Енді мұндай сұлулықты барлық достарым көрсе деймін. Сол үшін барлығын суретке түсіріп жүрмін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!