{metadescription}
«Таза Қазақстан» акциясы бесінші апта өткізіліп жатыр
«Таза Қазақстан» акциясы бесінші апта өткізіліп жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы бесінші апта өткізіліп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміз бойынша осымен бесінші апта өткізіліп жатыр. Шара аясында Алматы облысындағы Есік көлінің маңы абаттандырылды.

Жан-жағында қоқыстан тазартылып, ағаш, шырша отырғызылды. Белсенділер өңі кеткен бордюрлер мен орындықтарды бояп, шараға қарқынды қатысқан.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Алматы облысында ауқымды жұмыс атқарылған. Облыстың 500 мыңнан астам тұрғыны аумақтар мен аулаларды тазалап, тарихи, мәдени ескерткіштер абаттандырылды.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

«Мөлдір бұлақ» акциясын осы көлден бастағанды жөн деп көрдік. Өйткені бұл өте маңызы зор көл. Бір жағынан ауыз су, екінші жағынан біздің осы суармалы жерлерді қамтамасыз ететін көл. Көлдің жағдайын көріп тұрсыздар. Біраз жерін құм басып кеткен. Оның бәрін тазалай бастадық. Фильтрация жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.