{metadescription}
Бишімбаев ісі: Сот отырысы басталмай жатып аяқталды
Бишімбаев ісі: Сот отырысы басталмай жатып аяқталды

Бишімбаев ісі: Сот отырысы басталмай жатып аяқталды

Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот дүйсенбіде өтеді. Үкім де сол кезде шығуы мүмкін. Ал көпшілік соңғысы деп күткен бүгінгі отырыс басталмай жатып аяқталды.

Судья мен тараптар айыпталушылардың тағдырын шешетін сұрақтарды талқылауға және тұжырымдауға көшкен. Бірақ оған алқабилер де, тілшілер де қатыстырылмады. Себебі, заң бойынша бұл кезде алқабилер сот залынан шығып кетуге тиіс екен. Судья осы бапты алға тартып, сот трансляциясын да тоқтатты.

Сұрақтарды талқылау да ұзаққа созылған жоқ. Одан кейін судья Айжан Құлбаева барлық ескерту мен ұсынысты ескеріп, түпкілікті сұрақтар парағын жасақтау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Сұрақтар алқабилерге 13 мамырда қойылады деп күтілуде.

Айтбек Амангелді, Салтанат Нүкенованың ағасы:

Үкім шығатын күнді болжау қиын. Жалпы, әрі қарай болатын әрбір процесті долбарлау мүмкін емес. О баста отырыс күнде өтеді дегенде, әрі кетсе, 10 сот процесі болады, екі аптаға созылады деп тұспалдап едік. Көріп тұрғанымыздай, екі айдан бері жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде