Шымкентте шала туған сәбиін далаға тастаған әйел ұсталды
Шымкентте шақалағын далаға тастаған безбүйрек ана ұсталды. Оған «жаңа туған баласын өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.
Автор: Бек Әбиев
10.05.2024
Көкек ана осыдан үш күн бұрын төрт айлық өлі туылған шарананы қорапқа салып, №2 перинаталды орталықтың аумағына тастап кеткен. Оны кешқұрым перзентхана қызметкерлері тауып алыпты. Мәйітті тексеріп көрген мамандар шарана 20 аптадан асқанын және қыз бала екенін айтады. Арада үш күн өткенде құрсағынан шыққан өлі сәбиді тастай салған безбүйрек әйел қала аумағынан ұсталды. Енді күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!