{metadescription}
Тасқын: Малынан айырылғандар үш куәгер тартып, өтемақы ала алады
Тасқын: Малынан айырылғандар үш куәгер тартып, өтемақы ала алады

Тасқын: Малынан айырылғандар үш куәгер тартып, өтемақы ала алады

Су тасқыны кезінде малынан айырылған ауылдағы ағайын үш куәгерді тарту арқылы мемлекеттен тиісті өтемақы ала алады. Үкіметте ауыл шаруашылығы министрі зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқанын баяндады. Құжаты болмаған төрт мүліктің де ақысы төленеді деп сендірді Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылы министрі:

Арнайы комиссия құрылды. Сол жерде құжаты барларға бюджеттен төленді. Ал қағаз құжаты жоқ болса, алгоритмде жазылғандай ғүш куәгер болу керек. Көршілері, учаскелік полицей, ауыл округі әкімі. Осылар дәлелдейді.

Бүгінге дейін су тасқынында малынан айырылған қазақстандықтарға жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленген. Жауапты ведомство өлген төрт түлік саны шамамен 9 мың бастан асады деп отыр. Оның 98 пайызын қауіпсіз аймаққа апарып жойған.

Биыл 80 жылда болмаған топан су Қазақстанның бірнеше аймағын шайған болатын. Төтенше жағдай еліміздің 10 өңірінде жарияланды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Әр өңірде штаб, ветеринарлар бар. Жұмыс істелініп жатыр. 138 мың бас аман алып шығарылды. Бұл үлкен жұмыс. Ветеринар, ТЖД, бәрі бірігіп жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде