{metadescription}
Астанада LRT құрылысындағы кран «артық жүктен» құлапты
Астанада LRT құрылысындағы кран «артық жүктен» құлапты

Астанада LRT құрылысындағы кран «артық жүктен» құлапты

Артық жүкке шыдамады. Астанада атышулы LRT құрылысындағы кранның құлауына байланысты жауапты басқарма осылай деп пікір білдірді. Автокран кеше көпқабатты тұрғын үй кешенінің дәл алдына құлаған. Апаттың мән-жайын анықтауға өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арнайы комиссия құрды.

Зардап шеккендер жоқ. Өйткені кран көліктерден бір қадам жерге түсіпті. Апатқа жүктің шамадан тыс көп болуы себеп.

Айта кетсек, бұл LRT-ның құрылыс алаңында болған бірінші жағдай емес. Былтыр күзде де орталық көшеде құрылыс краны көліктің үстіне құлап кеткен. Әйтеуір ішінде адам болмады. Ал тағы бір жағдайда бағандардың бірі біршама қисайып кеткен.

Талғат Оңлабаев, «LRT құрылысы дирекциясы» ЖШС бөлімінің басшысы:

Бұл кранмен мердігер қамтамасыз еткен. Қытайдан әкелінген және өз мақсатына пайдаланады: мысалы жүктерді жеткізу мен учаскеде тасымалдау үшін. Крандарды қолдану және оған техникалық қызмет көрсетуге иелері жауапты. Енді олар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде