{metadescription}
Павлодар облысында суға кеткен кеме капитаны табылмай жатыр
Павлодар облысында суға кеткен кеме капитаны табылмай жатыр

Павлодар облысында суға кеткен кеме капитаны табылмай жатыр

Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитаны әлі табылған жоқ. Ертіс өзеніне құлап кеткен азаматтың денесін төрт сүңгуір іздеп жатыр.

Қазір Ертіс суының деңгейі айтарлықтай көтерілген. Ағыны да қатты. Сондықтан іздеу-құтқару жұмысы қиындық тудыруда.

Айта кетейік, кеше «Қазақстан су жолдары» кәсіпорнына тиесілі кеменің капитаны суға батып кетті. Ол палуба үстінде тұрғанда өзенге құлаған. Бұл оқыс оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің ескерілмегені себеп болған дейді мамандар. Қазір су астында сүңгуірлер іздеуді жалғастырып жатыр.

Серік Шерниязданов, Павлодар облысы ТЖД жасағы бастығының орынбасары:

Кеше күні бойы 2 мың шаршы метр судың түбі зерттелінді. Бірақ нәтиже бермеді. Қиындық туындырып жатқаны су деңгейі жоғары, ағынықатты. Кеше де, бүгін де жел болып тұр. Дегенмен құтқарушылар іздеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде