Балқаш тас жолында ереже бұзғандарды әуеден бақылайды
Балқаш тас жолында ереже бұзғандарды жол сақшылары әуеден бақылайтын болды. Өйкені осы маңда соңғы бір аптаның ішінде көлік апатынан он адам өлген. Енді жол бойын дронмен қадағалап отырады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
10.05.2024
Облыстағы көптеген апат Балқаш - Қарағанды тас жолында тіркеледі. Төрт жолақты автобанды бес жыл бұрын сала бастаған. Содан бері аталған бағыт ел арасында «өлім жолы» аталып кетті. Өткен аптада ғана көлік апатынан бес адам ажал құшты. Жолдың көп бөлігінде тек екі жолақ ашық. Сондықтан жылдамдық асыру мен қарсы бағытқа шығуға болмайды. Күніне бұл жолмен 30 мыңнан аса көлік жүреді. Жолдың толық ашылуын жүргізушілер мен қатар полицейлер де асыға күтуде. Бірақ құрылыстың аяқталуы тағы да шегеріліп жатыр. Енді полицейлер көзі жетпеген жерге дрон жібере бастады. Ол ұшқан жерінен сегіз шақырымға ұзап, көліктің ереже бұзғанын бір шақырым жерден көріп тіркейді.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Қарағанды-Балқаш тас жолының бойында 10 полиция жасағы жұмыс істесе, қазір оған қосымша тағы 15 жасақ беріліп, бұрын ара қашықтығы бұрын 50 шақырымнан болса ,қазір 25 шақырымнан қойылып, күндіз-түні тас жолда жүретін жүргізушілерге түсіндіру жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!