{metadescription}
Алимент төлемей жүргендердің қарызы 14 млрд теңгеден асқан
Алимент төлемей жүргендердің қарызы 14 млрд теңгеден асқан

Алимент төлемей жүргендердің қарызы 14 млрд теңгеден асқан

Елімізде алимент төлеуден жалтарғандардың қарызы 14 млрд теңгеден асқан. 12 мыңнан астам адамның 8 мыңы ғана бұрынғы отбасы алдындағы қарызын бөлеп төлеп жатыр. Ал қалған 4 жарым мыңы баласына көмектесуден бас тартып, соқыр тиын да төлемеген.

Әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, алимент өндіру бойынша 292 мың іс өндірісте. Ата-аналық міндетін орындамай жүргендердің 97 пайызы ер-азаматтар, 3 пайызға жуығы безбүйрек ана. Перзентінің алдындағы берешегін өтемей жатқан 7882 борышкерге ел аумағынан шығуға уақытша тыйым салынған. Жауапты орган өкілдері осындай шектеулердің арқасында алимент төлеу мәселелері мен борышкерлердің жалпы берешегі де едәуір азайғанын айтады.

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

Полициямен бірлескен 144 рейд жүргізілді. 421 автокөлік, яғни алимент қарызы бар борышкерлердің автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылып, осының нәтижесінде қарыз алушы есебіне 300 миллион теңгеге жуық қаражат өндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде