{metadescription}
1 шілдеден бастап Қытайға өткен шетелдіктің ұялы телефоны тексеріледі
1 шілдеден бастап Қытайға өткен шетелдіктің ұялы телефоны тексеріледі

1 шілдеден бастап Қытайға өткен шетелдіктің ұялы телефоны тексеріледі

Қытай қауіпсіздік шарасын күшейтті. 1 шілдеден бастап кедендегі тәртіп сақшылары осы елдің аумағына өткен шетелдіктің ұялы телефонын тексеруге құқылы.

Бұл шешімді 26 сәуірде Қытайдың Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жариялаған. Енді тәртіп сақшыларының құқығы айтарлықтай кеңейеді, олар туристердің смартфонындағы хабарламаларды, электрондық хатты оқуға, фотосуреттер мен видеоларды қарай алады.

«Жаңа шаралар Қытай туризм индустриясына кері әсер етуі мүмкін», -дейді сарапшылар. Өйткені жеке деректердің құпия қалуын қалайтын кейбір азамат бұл елге бармауы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бастап екі ел арасындағы кедергісіз қатынасты жеңілдететін өзара визасыз режим жұмыс істейді. Тексеріс іссапармен ғана емес, турист ретінде келген жолаушыларға да қатысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде