{metadescription}
Алматыда Әзірбайжан мен Армения бейбіт келіссөздерді бастады
Алматыда Әзірбайжан мен Армения бейбіт келіссөздерді бастады

Алматыда Әзірбайжан мен Армения бейбіт келіссөздерді бастады

Алматыда Әзірбайжан мен Армения бейбіт келіссөздерді бастады. Кездесу жабық форматқа көшпес бұрын, еліміздің сыртқы істер министрлігі әрқайсысымен екі ел арасындағы қарым-қатынасты талқылады.

Әзірбайжан тарапымен кездесуде қазақ-әзірбайжан стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту талқыланып, тараптар өңірдегі ахуал бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ тауар айналымы мен транзит-көлік әлеуеті көлемін ұлғайту жөнінде әңгіме қаузады. Армения өкілімен өңірлік экономикалық және көліктік өзара байланысты дамыту мәселелері қозғалды. Ал бейбіт келіссөздің Достық үйінде өтуі тегін емес. 1991жылдың желтоқсасында дәл осы жерде ТМД елдері «Алматы декларациясына» қол қойған.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:

Достық үйінің рухы бүкіл Еуразияның геостратегиялық тұрақтылығының кепілі Оңтүстік Кавказда берік және ұзақ мерзімді бейбітшілікті тез арада орнатуға ықпал ететініне сенімдімін. Қазақстан Good offices, яғни ізгі ниет қызметін көрсетуге дайын. Әзірбайжан мен Армения біз үшін жақын елдер ғана емес, сонымен қатар маңызды стратегиялық серіктестер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде